- Бұрыштық ажарлағыш машинамның қатысты екенін қалай білемін?
- ”Bosch Power Tools” фирмасы үлкен бұрыштық ажарлағыш машиналарының шектеулі санына ерікті қауіпсіздік шараларын жүргізеді. Ол 2016 жылдың маусым және тамыз айлары арасында дайындалған GWS 20, GWS 22, GWS 24, PWS 20, PWS 1900 және PWS 2000 топтама үлгілерін, сондай-ақ 2016 жылдың ақпан айынан қазан айы аралығындағы мерзімде өндірілген тежегіштері бар GWS 24-230 JVX кәсіби үлгісін қамтиды..
Тоғыз мемлекеттер үшін (Германия, Франция, Чехия, Польша, Испания, Румыния, Ресей, Индия, Белоруссия) де жарамды:
Сонымен қатар 2016 жылдың қаңтар және қараша арасында жөнделген кәсіби GWS 24-230 JVX мұқият тиелмей алып қалынды.
Бұрыштық ажарлағыш машинаңыздың қатысы бар-жоқтығын тексеру үшін, өзіңіздің құралыңыздың құралдар мен топтама нөмірін білу керек. Бұл деректерді білдегіңіздің негізгі техникалық деректер көрсетілген тақтайшасынан табасыз. Негізгі техникалық деректер көрсетілген тақтайшаның қайда орналасқанын бастапқы беттен қарай аласыз. Осы жерде Сіздің білдегіңіздің қатысы бар-жоқтығын нақты уақыт өлшемінде тексере аласыз. Сондай-ақ, біздің қызметкерлерімізбен Бастапқы бетте көрсетілген байланыс мүмкіндіктері арқылы тікелей байланыса аласыз.
- “Bosch Power Tools” фирмасы осы қауіпсіздік шараларды неге жүргізеді?
- Сапаны қамтамасыз ету шаралары шегінде, біз бұрыштық ажарлағыш машиналардың шектеулі көлеміндегі ақаулы бөлшектің салдарынан бөлгіш шарықтың жұмыс істеп тұрғанда босап кетуі мүмкіндігін анықтадық. Бұл арқылы тек сирек жағдайларда кесілу арқылы бұзылу немесе ауытқу тууы мүмкін екенін есептен шығаруға болмайды.
немесе ауытқу тууы мүмкін.
Тұтынушы алдындағы өз жауапкершілігімізді дұрыс орындауымыз үшін, барлық ықтималды қатысы бар құралдарды мұқият қайтарып алуды және, қажет жағдайда, жөндеуді немесе алмастыруды ұйғардық. Алмастыру немесе жөндеу сіз үшін әрине ақысыз болады.
- Егер бұрыштық ажарлағыш машинам қатысы бар болса, не істеуім керек?
- Қатысы бар бұрыштық ажарлағыш машинасын осы мезеттен бастап пайдалануға немесе біреулерге беруге болмайды. “Bosch Power Tools” фирмасы қатысы бар құралдарды ақысыз жөндеу немесе - техникалық тұрғыдан мүмкін болса - алмастыруды ұсынады. Алғашқы беттің төменгі жағында көрсетілген байланыс желілері арқылы кері жөнелтілім және жөндеу немесе алмастыру Сіздің мемлекетіңізде қалай жүргізілетіні туралы анықтама беруге дайынбыз.
- Менің бұрыштық ажарлағыш машинам екі аралықта жөнделіп қойды. . Оның сонда да қатысы бар ма?
- Әр мемлекетке қарай жауап беру керек –
a) Егер құрал Германия, Франция, Чехия, Польша, Испания, Румыния, Ресей, Индия немесе Белоруссияда қабылданса, 2016 жылдың қаңтар және қараша арасында жөнделген GWS 24-230 JVX кәсіби үлгісі де қатысты болуы мүмкін. Барлығы 100 құралдан аспайды. “Bosch Power Tools” фирмасы қатысы бар құралдарды тегін eалмастыру немесе жөндеуді ұсынады.
b) Егер құрал a) көрсетілген мемлекеттерден басқа мемлекетте қабылданса, онда жөнделген немесе техникалық күтімнен өткен құралдың қатысы жоқ.
- Менің бұрыштық ажарлағыш машинамның қатысы бар, бірақ мінсіз жұмыс істеп тұр. Мен оны бәрібір кері қайтаруым керек пе?
- Иә, бұрыштық ажарлағыш машинаңызды бәрібір кері қайтаруыңыз керек. Қатысы бар бұрыштық ажарлағыш машинасын осы мезеттен бастап пайдалануға немесе біреулерге беруге болмайды. “Bosch Power Tools” фирмасы қатысы бар құралдарды ақысыз жөндеу немесе - техникалық тұрғыдан мүмкін болса - алмастыруды ұсынады. Алғашқы беттің төменгі жағында көрсетілген байланыс желілері арқылы кері жөнелтілім және жөндеу немесе алмастыру Сіздің мемлекетіңізде қалай жүргізілетіні туралы анықтама беруге дайынбыз.
- Алмастырылған білдекті алғанға дейін қанша уақыт өтеді?
- Әрине біз қатысы бар құралдарды жылдам түрде жөндеуге немесе алмастыруға тырысамыз.
- Осы акция көлемінде мен қай мерзімге дейін хабарласуға тиіспін?
- Акция мерзімі шектелмеген.
Басқа сұрақтарыңыз болса, бастапқы бетте көрсетілген байланыс желілері арқылы қуана жауап береміз.